10 мөлтек ауданында аққан ауыз су кімге тиесілі?

Коммуналшылар ауыз су ағып жатқан құбырдың кімге тиесілі екенін біле алмай дал болды. Жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отыр. Ал тіршілік көзі болса балабақшаға барар жолға жайылып, жерді көк тайғаққа айналдыруда.
Таң сәріде ата-аналар 10 мөлтек ауданындағы балабақшаға балаларын уақытылы апара алмадық деп, қапалы.Өйткені, өзендей аққан су балқаштықтардың жолын байлаған.Ол жерден не жаяу, не көлікпен бірден өтіп кету мүмкін емес.Мұзбен сүйретіліп, әзер шығасын дейді.
Анықталғандай, бұл апат 5 күн бұрын басталған. Сенбі күні жер астындағы ауыз су құбыры жарылған. Алайда, оны «Балқаш Су» мекемесі білгенімен, уақытылы тоқтата алмадық. Қаладағы басқа апаттарды жойдық. Уақыт жетпеді.Тіпті, ағыстай аққан су құбыры біздікі емес дегенді алға тартты.

Сарыбай Махабаев – «Балхаш Су» КМК учаске басшысы:«Бұл балабақшаға тартылған құбыр.Кезінде осындан 5-6 жыл бұрын.Негізі сол балабақшаның апаты. Солардың құбырлары.Сенбі күні хабар келді. Қазір бастап жатырмыз.Басқа жұмыстарымызды бітіріп, қаланың ішіндегі».

Ал «біздікі емес» деген коммуналшылардың сөзіне «Ертөстік» балабақшасының жұмыскерлері келіспейді. Ондағы мамандар, біздің меншікте тек бір ғана құдық бар. Және одан келетін құбырлардың барлығы бүтін. Жарылған құбыр, аққан судың бізге қатысы жоқ дейді.

Мұрат Жүнүсбеков- «Ер төстік» балабақшасының жұмыскері:«Балабақша тұрғызылғанда біз тікелей басты трассалық құбыр жүйесіне тәуелді болдық. Кейін мына жаңа үйлерді тұрғызғанда, біздің бәрімізді жалпы трассалық айнамалы құбырға қосты. Содан кейін балабақша қасындағы құдыққа құбыр бітеуішті орнаттық. Ол ғана бізге қатысты».

Дей тұрғанмен, далаға аққан таза суды тоқтату үшін «Балқаш Су» мекемесі құдыққа бітеуіш орнатты. Санаулы сағат сусыз отырған үй мен балабақшаға су жіберді.Алайда, жер астында жарылған құбыр сол беті қалды. Оны кім ауыстыратыны әзірше белгісіз.

Біздің Telegram — парақшамызға  жазылыңыздар!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать