Қырық күндік ас Иса тегі Абен Жұмаханұлы

Руы Тобықты – Құланшы – Шағырбай, Иса тегі Абен Жұмаханұлының  өмірден озғанына 40 күн болады.

Қырық күндік асы 3 ақпан күні сағат 12.00- ден бастап «КОСМОС» дәмханасында беріледі.

Ағайын-туыс, құда-жекжат, көршілерге, жора-жолдастарға, еңбек ұжымдарына, Орта – Дересін ауылының тұрғындарына және барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

10.30-да Орта – Дересін ауылынан арнайы автобус жүреді.

 

Жанымызда жүруші едің күліп күнде,

Жоғалтқалы өтті ғой 40 күн де.

Жарқын бейнең жарқылдап еске түсіп,

Жүректерден қалмайсың ұмыт мүлде.

 

Жан жолдасым, жарқылдаған,

Аңқылдаған жар болдың,

Қиындықта, қуанышта,

Сен қасымда бар болдың.

Ен далада топырағың томпайып,

Бір естуге енді өзіңді зар болдым.

 

Мұңсыз едік өзің барда, әкешім,

Еш алаңсыз, бала қиял күй кештік.

Орның толмас енді бізге, ешқашан,

Сендей бізді еркелетер енді кім?

 

Қызығын немеренің көрмедіңіз,

Жанында еркелетіп жүрмедіңіз.

Әлі де біздерменен бірге болып,

Тағы да біраз өмір сүрмедіңіз.

 

Кім ойлаған, қайғы келіп көңілімізді жайлар деп,

Кім ойлаған, ызғар келіп есігімізді қағар деп.

Кім ойлаған, аңқылдаған ақ пейілді ағамызды,

«Ажал» құрғыр келіп, қапыда іздеп табар деп.

 

Арамыздан кете бардыңыз алыстап,

Уайым, қайғы жүректерді жаныштап.

Пейіштің төрі болсын орыныңыз,

Рухыңызға дұға оқимыз бағыштап.

 

Торқа болсын жамылған топырағыңыз,

Тыныш ұйықта жер бесікте дамылда.

Бір Алладан дұға оқып тілейміз,

Жай тапсын жаныңыз жұмақтың жәннат-бағында.

Ас берушілер: жұбайы – Роза, апалары – Бәтіш, Марина, ағасы – Ахат, інісі – Нұрлан, қызы – Сәуле, ұлы — Уәлихан, немересі – Ажар.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать