Қимас баламыз Салықов Мерей Ерболұлы бүгін тірі болса, қаңтардың 31 жұлдызы күні 25 жасқа толар еді… Амал қанша, сұм ажал ортамыздан ерте алып кетті.
Жанға жайлы мінезіңмен кең құшағыңды жайып жүрсең де, кең дүниеге сыймай, шын дүниеден тапқан мәңгілік мекенің жұмақ болсын. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жерің жарық, топырағың мамық болғай!
Ақылшы, арқа сүйер тауымыз ең,
Барады жылжып ағып өмір-өзен.
5 жыл болды бұл фәниден өткеніңе,
Нұр жүзің әлі күнге шықпайды естен.
Жүруші едің қабағын бағып анаңның,
Көңілін тауып қарындас-бауыр, ағаның.
Сен жүрген жердің барлығы думан-той еді,
Өлең қып жаздым қалмады басқа амалым.
Сенбейді жүрек «жоқ» деген сөзге бағынбай,
Айналдың ботам қас-қағым сәтте сағымға.
Нәресте құшып, жар сүйсең шіркін арман-ай,
Медет болар ма жаралы мынау жаныма.
Өмір зулар шаршамайды, талмайды,
Бүгініңді ертеңіңмен жалғайды.
Нәзік жүрек өзіңізді сағынып,
Сағынышын осы жырмен арнайды.
Болар деп кім ойлаған тағдыр бұлай,
Қиылып қалды қанша арманың-ай.
Періштелер мәңгілік мекендейтін,
Пейіштің төрінде бол, құлыным-ай!
Сағынышпен еске алушы: ата-әжелері, ата-анасы, ағасы – Нұрасыл, қарындасы – Диана.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login