Балқашта бокстан республикалық турнир басталды

Балқашта бокстан дәстүрге айналған үшінші  республикалық турнир  басталды. Шаршы  алаңға Қазақстанның төрт бұрышынан  келген  200-ге тарта    жасөспірімдер шығады.   Олар  4  күн бойы  дене шынықтыру және  сауықтыру кешенінде   таразыға  түседі.

Шаршы алаңдағы  алғашқы  жекпе-жек   кіші  салмақтағы  спортшылардан  басталды. Солардың  бірі  34 келідегі  көк бұрыштан шығатын Рамадан  Мамырбекұлы. 13 жастағы ақтөбелік  бұған дейін  36   рет рингке  шығып,  28-ін  жеңген. Сондықтан бүгін қызылдағы  қызылордалықты  ойсыратамын  деген ниеті  бар. Алайда,  ол шапшаң  қимылдағанымен,   ұпай  бойынша  ұтылып қалды.

Рамадан Мамырбекұлы- Ақтөбелік  боксшы

« Көбінесе  удар жібердім бір-екі рет. Қарақұстан. Содан  ұпайымды алып  тастады  бір-екі рет. Артқа  кете  бердім. Содан  ұтылып қалдым».

Ал турнирге  қатысушыларға   жан-жақтан арнайы шақыртылған  білікті  төрешілер төрелік  етеді.  4 күн бойы  11 маман  кезектесіп  қызмет атқармақ. Оларды халықаралық деңгейдегі бас төреші   Ерболат  Әшімов  қадағалайды.

 Амангелді Маканалин- жарыстың   супервайзер орынбасары

« Сырттан көп төрешілер келді. Әділ   төрешілік  етуге. Маңыстау, Ақтөбе,  Қызылордадан келді.  Келген командалардың   төрешілері  өз  қалаларына, облыстық  командаларға  төрешілік  ете алмайды».

 Жалпы,  биыл үшінші рет  ұйымдастырылған   додаға  Астана,  Алматы, Қарағанды,  Қызылорда,   Ақмола , Ақтөбе  облыстары секілді қала-аудандардан 177 жасөспірім спортшы  жиналды. Оның  ішінде  142-сі ұл балалар болса, қалғаны  қыздар. Боксшылардың барлығы  демалысқа дейін  чемпион атағына   тырысу  үшін тер  төгетін болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать