Нәрестені тұрғылықты жері бойынша SMS арқылы тіркеуге болады

Енді қазақстандықтар жаңа туған нәрестені смс арқылы тұрғылықты мекен-жайға тіркей алады. Жақында елімізде жаңа пилоттық жобаның аясында осында мүмкіншілік пайда болмақ. Ол бойынша сәбиге туу туралы куәлік берілгеннен кейін, ата-ананың ұялы телефонына нәрестені тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы смс хабарлама келеді.  Оған жауап ретінде мекен-жайды жазып жіберсе болғаны. Мамандар меншік құқығы туралы мәлеметті тексеріп, нәрестені автоматты түрде тіркейді. Яғни бұрынғыдай ХҚКО барудың қажет жоқ. Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап аналар баланың туу туралы куәлігін смс арқылы рәсімдей алады. Осы уақытқа дейін бұл онлайн қызметті 6 балқаштық әйел пайдаланған. Соның біріне баласының алғашқы құжаты тура перзентханаға жеткізілген болатын. Мұндай мүмкіншілікті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасына тіркеліп, жеке сәйкестендіру нөмерін ұялы телефон нөмерін байланыстырып қою қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать