Кәріз суынан Желтоқсан көшесі мұзға айналды

Кәріз суы мәдениет сарайының артын мұз айдынына айналдырды.  Оған себеп канализациялық құдық бітеліп қалған. Содан лас су көтеріліп, саябақ арқылы Желтоқсан көшесіне жайылды.. Коммуналшылар болса, апатты жою үшін 3 күн жүрді.

Демалыс күні мына кәріз құдығы бітеліп қалған. Содан жоғары көтерілген лас су фонтан үшін қазылған шұңқырға құйылып, одан әрі қарай жолға жайылған. Қазір мәдениет сарайының артынан бастап Желтоқсан көшесіне дейінгі аралық мұз боп қатып жатыр. Ал бұл жағдай тұрғындардың жүріп-тұруына қиындық келтіруде.

Мына шұңқырдың жан-жағын қоршап қою керек еді. Бұл жермен оқушылар, балалар жүреді ғой.

Бәрі мұз болып жатыр, мен құлап қаламба деп қорқамын. Жалғызбын, маған одан кейін кім қамқор болады?

Қатып жатса да, лас су ғой. Бұл жермен өтетін адамдар құлап, жарақат алулары мүмкін.

Канализацияға жауапты Балқаш Су мамандар бұл жағдайға тұрғындарды кінәләп отыр. Себебі құдықтарды тазалу кезінде, құбырдан түрлі маталармен бірге, киім-кешек тіпті жастыққа дейін табылған. Нәтижесінде мамандар бір емес бірнеше кәріз желісін тазалап, апатты жоюға 3 күн уақыт жұмсады.

Әлібек Сақбаев-канализация және дренаж учаске басшысы

« Кеше тоқтатып, түнде қайтқанбыз. Таңертең тағы ақты. Бүгін тағы келіп қазір жұмыс істеп жатырмыз. Кешке дейін нәтижесін көреміз. Қайтадан тряпка, қоқыс бітеліп қалып жатыр.

Коммуналшылар бүгін кәріз суын тоқтатып апатты толғымен жойды. Сондай-ақ, арнайы көлікпен жолды мұздан тазартты. Одан кейін фонтан үшін қазылған шұңқырға жиналған  лас суды сормақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать