Балқашта белгісіз біреулер мұқтаж әйелдің атын жамылып, елден ақша жинауда

Балқашта  белгісіз біреулер  елдерден ақша жинап жүр. Өздерін еріктілер  деп  таныстырған жігіттер  пәтер-пәтерді  аралап,  тағдыр тауқыметіне  ұшыраған  әйелге  қаржы керек дейді. Оны растайтын  құжаттарында көрсетуде.Өйткені, үйі-күйі  жоқ келіншек  жүргізушілерді дайындайтын мектепте  тұрып жатқанды. Осы  мәселенің  анық-қанығын  анықтау  үшін біз сол әйелді  іздеп, тілдесуге тырыстық.

Тұрғындардың айтуы  бойынша, белгісіз біреулер  пәтерлерді бір айдан бері аралап жүр.  Қолдарында  бір әйелдің  аты-жөні жазылған  қағаздары бар. Келіншекке  қаржылай  көмек керек  деп, ақша  сұрауда. Ал  оған сенген  адамдар  1000,2000 теңгелерін бере  салған. Сол  әйелді біз бүгін іздеп  таптық.

Анықталғандай, 53  жастағы  Айгүл Жәпен   осы аядай ғана бір  бөлмеде  9 айдан бері тұрып жатыр. Қасында  9 жастағы   ұлы бар. Өзі  жүргізушілерді  оқытатын  мектепте  күзетші болып  қызмет атқарады. Сонда  жұмыс істеп, паналайды. Тапқан  20мың  теңгесіне  тамақ алып,  жалғыз баласын киіндіреді.

Айгүл Жәпен-қала тұрғыны

мектептен  балама қыркүйек  кезінде    көмек береді, оқу  қарсаңында дәптерін береді. Мектептен көмек аламыз.

Баспанасы  болмаған соң жалғыз басты  ана   үй  кезегіне  тұрмақшы болған. Әлбетте, әкімшіліктегі мамандар    ол үшін  1 жылдық  зейнетақы  жинағы   болуы керек  деген.

Айгүл Жәпен-қала тұрғыны

« Үйдің кезегіне  құжат жинап едім. Оған толық бір жылдың еңбек ақысы кере деді.Соны тосып  отырмын.Мартта  бір  жыл болады. Содан  қайта құжат өткіземін деп отырмын».

Ал тұрғындардан  ақша  жинау  мәселесін  Айгүл  ханым  растады.  Белгісіз бір жігіт  өзін қайырымдылық қордың өкілі деп таныстырып,  көмектесуге қол ұшын созған.Нотариуста бекітілген  құжаттарын  алып кеткен. Қаңтар айының  ортасында  50 мың теңге  әкеліп берген. Бірақта,  менің  атымнан  пәтерлерді  аралап  жүргенін   кеше ғана  білдім дейді.

Айгүл Жәпен-қала тұрғыны

«Мен  кеше ғана білдім.Кеше   Гүлдерге   қағаз алуға барғам, мектептен  анықтама  сұратқан.Дойбыға қатысатын. Содан жолда келе  жатып звондады.Сонда ғана  білдім. Мен қайырымдылық қоры  дегенге сол балаларға  сеніп қалдым.Біреуі   жақын туысқаным болатын. Бірақ осылай істейтін  деп ойлаған  жоқпын».

Түйіндей келе  есікті қағып, елдерден  ақша жинау  заңсыз. Сондықтан  қайырымдылықпен   айналысу  үшін  ең бірінші  жергілікті  биліктің  рұқсаты  керек.Және ресми түрде  тіркелу  қажет.Сол  себептен,  алаяқтардан  сақ  жүрген  абзал.

 Расул Қасенхан-Жастар ресурстық  орталығының директоры

 «Жастар  ресурстық  орталығында  Жастар деген еріктілер тобы  бар.Бұл бала еріктілер тобының мүшесі емес. Және де айта кетерім  балқаш қаласының әкімдігінің  қызметкерлері  пәтер аралап жүрмейді.Яғни  пәтер аралау  арқылы  қолма-қол ақша  жинамайды.Біз қайырымдылқпен айналысатын болсақ  бәрі ашық, заңды түрде  өткізіледі».

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать