Балқаш жаңалықтары 29 қаңтар 2018

Тілсіз жаудан саяжай өртенді. Кеше Барковский маңында орналасқан жазғы үй түк қалмай жанып кетті. Ағашпен қапталған сарай 1 сағат бойы лапылдап , әзер сөндірілді.Өрт кешкі сағат 7-ден кете басталған.

Жаяу жүргінші зардап шекті. Қалада 59 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Жол көлік оқиғасы Уәлиханов көшесінде болды. Күндіз әйел адам жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен өтіп бара жатқан. Сол уақытта оны «Skoda» маркалы тұлпар бүйірден соққан.

Қоңырат тұрғыны суықтан қорғану үшін үйінің ішіне палатrа құрып алған. Оның пәтерінде түсірілген видео әлеуметтік желі арқылы желдей есіп, демалыс күндері ең көп қаралған бейнероликке айналды.

Ондаған көліктің дөңгелегін жарып кеткен бұзақылар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Уақытша ұстау изоляторында отырған екі балқаштықтың бұрын сотталмағаны ескерілді. Еске сала кетсек, осыдан бір апта бұрын белгісіз біреулер түнде ондаған көліктің дөңгелегін пышақпен тіліп, жарып кеткен болатын.

Ауыр науқастарға дәрі-дәрмек пошта арқылы жеткізіледі. Биыл Қарағанды облысында осындай пилоттық жоба іске қосылады. Ол бойынша дәрігер жазып берген препараттарды Қазпошта қызметкерлері үйге әкеліп береді. Бірінші кезекте қозғалып, жүре алмайтын ауыр науқастарға жеткізіледі.

Бүгін бір аптаға созылған оқушылардың жоспарсыз демалыстары аяқталды. Үскірік аяздың басылуына байланысты мектеп балғындары оқуларына қайта кірісті.Синоптиктердің болжамына сәйкес, қаңтардың қытымыр күндері артта қалды. Сібірден келетін суық циклон аяқталуға жақын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать