Балқашта 59 жастағы әйелді көлік қағып кетті

Жаяу жүргінші зардап шекті. Қалада 59 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Жол көлік оқиғасы Уәлиханов көшесінде болды. Күндіз әйел адам жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен өтіп бара жатқан. Сол уақытта оны «Skoda» маркалы тұлпар бүйірден соққан. Ауыр соққы салдарынан жүргінші ауруханадан бірақ шықты. Аяғына зақым келген. Ал оған кінәлі 69 жастағы жүргізушіге қатысты іс қозғалды. Және ол тағылған айыпқа сәйкес 40 мың теңге айыппұл төлеп не болмаса 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

Абылай Ақашев- жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы
« Сол бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 610 бабы бірінші бөліміне сай әкімшілік хаттама толтырылды.Яғни бұл дерек бойынша құжаттар  сот медициналық сараптамаға берілді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать