Шұбартау ауылы, Абай совхозының тумасы, Тобықты-Байтемір, Тоқал, Смадилов Сатыбалдының келіні, Эркембек Аманкүлдің өмірден өткеніне 40 күн болады.
Қырық күндік асы 27.01.2018 жылы сағат 11.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ ЗАЛЫНДА беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көршілерге, еңбек ұжымдарына, Сарытерек, Абай, Шұбартау ауылдарына, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.
Асыл келін, сағындық нұр жүзіңді,
Көзімізден Сені ойлап жас үзілді.
Балалар аналап армандауда,
Олар да таппай қалды Сенің ізіңді.
Ана, ана қиналған әрбір шақта,
Тек сен едің, қамқоршы болған пана.
Ақылмен бәрін жеңген асыл Ана.
Сағындық, АНА, өзіңді,
Мейірімге толы көзіңді.
Ортамызда отырып,
Тақпақтап айтқан сөзіңді.
Ақыл айтып, дем беріп,
Еркелетер кім бізді?
Жоқтауменен, жан Анам,
Жүрегіміз езілді…
Торқа болсын жамылған топырағың,
Тыныш ұйықта жер бесікте дамылда.
Бір Алладан дұға оқып тілейміз,
Жай тапсын жаның жұмақтың жәннат-бағында.
Ас берушілер: Смадилов әулеті, енесі – Мәнай, жолдасы – Саят, балалары: Нұрай, Ерсұлтан.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login