Қырық күндік ас Ибраева Гүлжазира Қуанышбекқызы

Ибраев Ахаттың келіні, Тасарал ауылының тумасы, Руы – Аралбай-Жаңқара, Ибраева Гүлжазира Қуанышбекқызының дүниеден өткеніне 40 күн болады.

Қырық күндік асы 27 қаңтар күні сағат 12.00-ден бастап «КОСМОС» дәмханасында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, жора-жолдастарға, еңбек ұжымына, көршілерге, ауылдастарға, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

 

Қара жерде жатқаныңа қырық күн,

Көкке қанат қаққаныңа қырық күн.

Қырық күнде жүрек міне, қаяулы,

Қош бол, Ана, аяулы жар!

 

Тым қысқа болды-ау сенің өмірің,

Қасірет – тіршіліктің тоқтағаны.

Сан көңіл сені аңсап жоқтар әлі,

Бақұл бол, адал жүрек, жан жолдасым,

Нұр бейнең жүрегімде сақталады.                               

 

Асыл анам, ардақтым да қадірлім,

Көзімізге тұнды бүгін қайғы-мұң.

Өзің барда еркеледім еліктей,

Мәпеледің ешбір жаннан кемітпей.

 

Ішіндегі дертіңді білдірмедің,

Қайтып келмес дүниеге кете бардың.

Мейірімді нұрлы жүзіне зар боп қалдық,

Енді мені «құлыным-ау» деп кім еркелетер?!

 

Қайғың сенің жанға бір батты-ау қатты,

Көкіректі күйдіріп, жүректі қан жылатты.

Сене алар ма бұл көңіл, көндігер ме?

Енді өмірде өзіңді жоқ дегенге.

 

Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,

Жан Ана, топырағың торқа болсын!

Иманың мәңгілікке жолдас болсын,

Аруағың ұрпағыңды қолдап жүрсін!

 

Бардың аты бөлек қой, орыныңыз тұр ойсырап,

Неге жүре тұрмады? Мазалайды сан сұрақ.

Орнында бар оңалар, ізіңіз қалды артыңда,

Жұмақтан орын бұйырсын,

мекеніңізде жансын шамшырақ!

 

Хабарлаушылар: жолдасы – Қайрат, қызы – Айым, туысқандары, бауырлары.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать