Қырық күндік ас Аханқызы Зибігүл (Зикен)

Ақшатау кентінің тұрғыны, Руы – Айтбай, Садықов Алдабергеннің бәйбішесі, руы Әлтеке – Қойгел, Аханқызы Зибігүлдің (Зикен) өмірден өткеніне 40 күн болды.

Қырық күндік асы 27 қаңтар күні  сағат 11.00-ден бастап Ақшатау кентінде өз шаңырағында беріледі. Туған-туыс, құда-жекжат, балаларының жұмыс орындарына хабарлаймыз.

Анажан шаңыраққа болдың пана,

Жамандық қылмаушы едің ешбір жанға.

Сағынышпен туғандары еске алады,

Өзіңізбен өткен күндер,

Жадымызда мәңгіге сақталады.

 

Кетсе де көзден ғайып,

Көңілден кеткен емес.

Асыл бейнең ешқашан болмас елес.

«Жәннатта жаны болсын» — деп сұраймыз,

Алладан дұға қылып ертелі-кеш.

 

Асыл Ана, сағындық нұр жүзіңді,

Көзімізден Сізді ойлап жас үзілді.

Немерелер әжелеп армандауда,

Олар да таппай қалды Сіздің ізді.

Хабарлаушылар: балалары, немерелері, шөберелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать