Балқаштың экологиялық ахуалын жақсартуға 2 млн АҚШ доллары бөлінді. Қайрымсыз ақшаны Ғаламдық қор берді. Қаржы экологияны оңалтуға және жер ресурстарын тиімді пайдалануға жұмсалмақ. Жыл басында Қарағанды облысының экологтары Балқаш көлінің тартылып бара жатқанып айтып, дабыл қаққан болатын. Мамандардың айтуынша, Балқашқа келіп құятын өзендер батпақтанып, тұрмыстық қалдықтармен ластана бастаған. Сонымен қатар Қытайдан басталатын Іле өзені Балқашқа жеткіліксіз мөлшерде жетуде. Оған себеп көрші ел Іленің суын өз шаруашылықтары үшін көптеп пайдалануда. Ғалымдар Балқаш Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін дейді. Бөлінген 2 млн доллар Оңтүстік Балқаштың табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға арналған пилоттық жобаны құрастыруға жұмсалады. Жобаға сәйкес шөлді аймақтарды игеру үшін бау-бақша өсіру қолға алынады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту көзделген.
«Балқаш Аралдың тағдырын қайталамас үшін Алматы облысындағы Іленің Балқашқа құяр сағасының тұздану процесін тоқтату, Балқаш маңындағы жайылымды тиімді пайдалану, ата-баба салты бойынша малды төрт маусымда жаю жұмыстарын жүйелейтін боламыз. Сонымен қатар Іле Алатауындағы таулы аймақтарда бау-бақша өсіру арқылы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын қалпына келтіру көзделген. Жобаны атқару жұмысы ҚР АШМ бекітілген», — Құралай Кәрібаева.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login