Жедел жәрдем қызметіне жалған мекен-жайды айтып, қоңырау шалатын қала тұрғындары көбейген. Бір күнде осындай 10-нан аса шақырту түседі екен. Онсызда қарбалас жұмысқа осылайша кедергі келтіретін балқаштықтармен күресу үшін аудиожазба орнатылды. Енді, әр шалынған қоңырау жазылатын болады. Арасында еріккендердің ермегі болса, онда дәрігерлер сол жазбаны ІІБ жолдап, бұзақыны анықтау үшін полицияға арызданады. Тәртіп сақшылары арнайы қызметтерді жалған шақыру бабы бойынша, бұзақыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алады. Бұл бап бойынша 70 мыңнан аса айыппұл салу қарастырылған.
Артем Королев – аға фельдшер:«Бізде бірыңғай диспетчерлік қызмет жүйесі жұмыс істейді. Ол қоңырау басталғаннан бастап аяқталғанға дейінгі барлық сөздерді жазып отырады. Онымен бірге GPS-навигация да жұмыс істейді. Сол арқылы жедел жәрдем көлігінің қайда барғанын, қай жерде келе жатқанын көріп отырамыз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login