Балқашта белгісіз біреулер ондаған көліктің дөңгелектерін қасақана кесіп, тіліп кетті. Салдарынан үш көшенің ауласында тұрған тұлпарлар жүруден қалды. Бүгінгі күні зардап шеккен 50 жүргізуші ішкі істер бөліміне арыз түсірді. Ал бұзақыларды ұстау үшін арнайы іздеу тобы құрылды.
Бұзақылардың ұрығына түскен жанның бірі Евгений Смирнов.Қала тұрғыны дөңгелегінің жарығын сенбі күні таңғы 4-те байқаған.Алматыға жол жүремін деп тұрғанда, белгісіз біреулер Тауата маркалы көліктің 4 дөңгелегін тесіп кеткен. Ал оны желімен жамату үшін 30 мың теңге ақшасын жұмсады.
Евгений Смирнов – қала тұрғыны:«Аулада Жигулимен менің көлігім тұрды. Бірақ, оған тиспей менікін тесіп кетті. Тіпті бір дөңгелектің резеңкесін жұлып алғысы келгендей болды.Сондай бұзақылардың кесірінен жоспарым зая кетті. Шығын шықты».
Анықталғандай мұндай әрекеттен бір ғана адам емес, ондаған балқаштықтар зардап шеккен.Бір түнде әлдекімдер Қазбекова, Желтоқсан және Мұхамеджанов мөлтек ауданында қаз-қатарынан тұрған көліктердің дөңгелектерін тіліп кете берген.Ал оны тұрғындар әлеуметтік желіде әңгіме қылып, өз нұсқаларымен бөлісті.
Қандай пікір болсада, жұмадан сенбіге қараған түні бірнеше көлік дөңгелектерінен айырылды. Әзірше 50 тұрғын полицияға арыз түсірді. «Бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бақытжан Құдияров- Қарағанды облыстық ІІД баспасөз жетекшісі:«Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабы 1 тармағы,яғни бұзақылық фактісі бойынша тіркелді.Бүгінгі таңда Балқаш қаласының ІІБ жеке құрамына бағыттама берілді. Криминалдық және учаскелік полиция инспекторларынан түңгі жедел іздестіру топтары құрылды».
Полиция қызметкерлері елді шулатқан бұзақыларды іздегенше, шығынға батқан жүргізушілер дөңгелектерін жаңартуға кірісті.Бүгінгі күні көлік жөндеу орталығында бір доңғалақты жамау қызметі бір мың теңгеден басталады.Алайда,көбісінің жырығы үлкен болғандықтан жаңа резеңкелерін орнатуда.
Сергей Вестфаль – көлік жөндеу орталығының шебері:«Егер дөңгелектің жырығы тігінен 2-3 см болса, онда оны бірден ауыстырған дұрыс. Өйткені, онымен жүру қауіпті. Жамау ашылып кетуі мүмкін.Ал бізге келген дөңгелектерді біреу әдейі тескен сияқты. Пышақпен тілгенге ұқсайды».


Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login