Балқашта бұрыңғы құрылысшылар сарайы тағыда өртенді

Балқашта бұрыңғы құрылысшылар сарайы үшінші рет өртке оранды. Онда бүгін таңертең тағыда сахна жанды. Бұл жолғы тілсіз жау таңғы сағат 5-те басталды. Оны өтіп бара жатқандар байқап, мамандарға қоңырау шалған. Содан дереу оқиға орнына 2 техника мен 8 маман келді. Олар өрттің сахна астындағы қоймадан шыққан байқап, тез сөндіруге тырысты. Алайда, бөлме ағаштан жасалғандықтан, өрт 50 шаршы метрге дейін шарпи түскен. Сондықтан жалынды ауыздықтау үшін 1 сағаттай уақыт жұмсалды. Кейін анықталғандай, өрт тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдардың кесірінен болған деседі.

Исламбек Кәрібеков – ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері
« Бұл ғимарат үшінші рет жануда.Ғимараттың қожайынына ғимараттың есік-терезесін жабуға өтініш жазған болатынбыз.Осы жолы тағыда жазатын боламыз.Бұл ғимаратқа үй-күйі жоқ адамдар келіп жылынады.Сондықтан осындай өрттен пайда болады ».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture