Еске алу Өмірғалықызы Қарлығаш

Руы Шомақ, Өмірғалықызы Қарлығаш бауырымыздың өмірден өткеніне 1 жыл толды.

Жыл толды кеткелі арамыздан,

Қанат қақпай құладың қара құздан.

Сағынышпен сан жылдар өтсін мейлі,

Нұрлы бейнең өшпейді санамыздан.

 

Ерте кеттің өмірден,

Бұл жалғанға не қыл дейін?!

Сұм ажал алып кетті өзіңді,

Қайғы-мұңға, жасқа толтырып көзімізді.

 

Қайғың сенің жанға бір батты-ау қатты,

Көкіректі күйдіріп, жүректі қан жылатты.

Сене алар ма бұл көңіл, көндігер ме?

Енді өмірде өзіңді жоқ дегене.

 

Көз алдында әлі де, жарқын бейнең,

Сол бір шақтар біздерге салқын тиген.

Жүруіңіз керек еді ортамызда,

Жан едің ғой, сүйсініп халқың сүйген.

 

Бір жыл болды өзіңді көрмегелі,

Бір жыл болды арулап жерлегелі.

Мейірленіп маңдайдан иіскемей,

Сағыныштан сарғайып шөлдегелі.

 

Жарқылдаған ақ көңілің сақталады жүректе,

Сұм жалғаннан бауырларың осы күнді тілеп пе?

Сенің жүріп, басып кеткен жолдарың тұр сағым боп,

Сағыныштан төгіледі көздің жасы ағын боп.

 

Қысқа болды-ау ғұмырың,

Көрмедің ұрпақ қызығын.

Жатқан жерің жайлы боп,

Жәннатта болсын тұғырың.

 

Арамыздан кете бардың алыстап,

Уайым қайғы жүректерді жаныштап.

Пейіштің төрі болсын орыныңыз,

Рухыңа дұға оқимыз бағыштап.

Еске алушылар: Өмірғалы әулеті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture