Балқашта көршінің итін өлтірген жігіт жауапкершіліктен босатылды

Балқашта көршісінің итін өлтірген азаматтың ісіне қатысты сот отырысы аяқталды. Төрт аяқтыны пышақтаған 24 жастағы тұрғын қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, психиатриялық ауруханада емделуге міндеттелді. Атышулы оқиға былтыр Желтоқсан көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды. Күндіз зардап шеккен отбасы «Хаски» тұқымды итімен подъезден көтеріліп келе жатады. Оны естіп қалған күдікті пәтерінен пышақты алып шығып, итке үш рет сұғып алған. Ал одан көп қан жоғалтқан жануар сол күні өлді. Кейін тергеу барысында қандықол ит көп үріп, тышықтығын бұзғанын айтқан. Дегенменде, оны өлтіргені үшін күдіктіге «пышақ қолдану арқылы бұзақылық жасау»және «қорқыту» баптары бойынша айып тағылды.

Виталий Еремин – иттің иесі
«Сол күні әйелім итпен бірге далаға серуендеп шыққантын. Үйге қайтып келгенде пышақты сұғып алды. Артынан қуып, өлтірем деп қорқытты».

Ал бүгін осы іске нүкте қойылды. Судья 24 жастағы кінәлі азаматтың ақыл-есі дұрыс емес деген үкімді жариялады. Өйткені, сараптама қорытындысына сәйкес ол созылмалы психикалық ауруға шалдыққан.Және жасаған ісіне жауап бере алмайтыны анықталды. Сондықтан, қылмысқа тартылған жігіт қоғамға қауіпті деген қаулымен психиатриялық ауруханада жатып,ерекше қадағалаумен емделетін болды. Сот үкімі өз күшіне енген жоқ.

Екатерина Киякина – иттің иесі
«Сот үкіміне көңілім толды. Қоғамнан оқшауландырылғанына ризамын. Өйткені, ол қауіпті азамат. Бірақ ол өз-өзіне жауап бере алмайтындықтан анасына арыз түсіремін. Материалдық, моральдық шығынды өндіріп алатын боламын».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture