К.Бәйсейтова көшесін су басып қалды

Бәйсейтова көшесін суық су басып қалды. Жолдар әп-сәтте тайғаққа айналды. Нәтижесінде көпқабатты үш үй тіршілік көзінсіз отыр.
Қала тұрғыны Роза Мұсанова үйдің артында сылдырлап ағып жатқан суды таңертең байқаған. Тіршілік көзі бірнеше сағаттың ішінде Бәйсейтова көшесінің бойындағы жолды басып қалған. Кей жерлер қата бастапты. Ал мұндай жағдай жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жүріп-тұруына кедергі келтіруде.

Роза Мусанова – қала тұрғыны
«Бірінші рет мынандай суық судың ағып тұрғанын жаңа көріп тұрмын. Қаншама ақша төлеп отырмыз, суық суды ағызып қойып «Балқаш Су» қайда қарап отыр.

Түске қарай коммуналшылар да келіп жетті. Анықталғандай, суық су құбыры жарылған. Ал оны жөндеу үшін тіршілік көзін сөндіре тұруға тура келді. Соның салдарынан 3 көпқабатты үй сусыз қалды.

Сарыбай Махабаев — «Балқаш Су» КМК учаске шебері
» Суық судың трубасы жарылды. Ескі құбыр. Соны қазып жөндеу керек. 50-60 жылдары салынған құбырлар. Үш үйге барады».

Алайда, қатып жатқан жерді қазу оңай болмады. Қанша тырысқанмен экскаватордың шамасы келмеді. Енді оның орнын басқа техникамен алмастыру қажет. Жер қазуға арналған арнайы құрылғы жеткізілгенше коммуналшылар жұмысты тоқта тұрды. Ал апат қашан жойылады, су қашан беріледі әзірге белгісіз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture