Балқаштық жаяу жүргіншілер жол ережесін сақтамайтын болып шықты. Үш күннің ішінде жолдың ортасын қиып өткен 10 тұрғынға 5 мың теңгеден айыппұл салынды. Полицейлер жүргізген үш күндік рейд жұмыстары кезінде жол ережесін бұзған 55 адамға хаттама толтырылды. Оның ішінде 10 жаяу жүргіншіге 2 айлық есептік көрсеткішпен, яғни 5 мың теңгеден айыппұл салынды. Және ішімдік ішіп алып рөлді басқарған бір жүргізуші 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сондай-ақ қала ішінде қарама-қарсы жолға шығып кеткен көлік иесі жарты жыл бойы темір тұлпарын басқара алмайтын болып шешілді. Бұдан өзге телефон, қауіпсіздік белдігі, маневр жасағандарда жауапқа тартылды.
Алмас Қалиашев- жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:
«2017 жылы жол көлік оқиғаларының көбісі жаяу жүргіншілердің қатысуымен болды.Көп жағдайда жаяу жүргіншілер жолдың ортасын кесіп өтіп жүре береді. Үлкендерде, кішілерде.Оларды тиісті жерден өткізбейтін жүргізушілерде кездесті. Бірақ барлығына ескерту айтылмай,айыппұл салынды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login