Қырық күндік ас Абишов Жақып Оңласынұлы

Асыл жар,  ардақты әке, сүйікті ата, руы – Құлый, Абишов Жақып Оңласынұлының өмірден өткеніне 40 күн болады.

Қырық күндік асы  20 қаңтар күні сағат 12.00-ден бастап «АҚЕРКЕ» мейрамханасында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжаттарға, жора-жолдастарына,  бірге жұмыс жасаған еңбек ұжымына, балаларының дос-жарандарына, әріптестеріне және барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

Жан жолдасым, жарқылдаған,

аңқылдаған жар болдың,

Қиындықта, қуанышта

сен қасымда бар болдың.

Ен далада топырағың томпайып,

Бір көруге енді өзіңді зар болдым.

 

Алмаймын қырдан көзімді,

Жаттаймын жырдай сөзіңді.

Тауысып тағат, төзімді,

Сағындым «Әке» өзіңді.

 

Жайдары, дархан көңіл мінезімен,

Жаны пәк, қамқор, адал тілегімен.

Жар болды, әке болды мейірімді,

Ақкөңіл, аңқылдаған жүрегімен.

 

Өмірде орның сіздің бөлек еді,

Тірлікте кеңге жайдың керегені.

Тағдыр өзі жазғаннан жаңылмады,

Жанымызға жан әкем керек еді.

 

Анаға жар, балаларға әке болған,

Рас екен «дүние — деген жалған».

Сұм ажал арамыздан алып кетті,

Тағдырдың ісі шығар басқа салған.

 

Артыңда дұға етер жолдасың бар,

Балаларың шаңырақтың шамын жағар.

Қыздарың-күйеу балалар, немерелер-жиендерің,

Қол жайып, құран оқып бата қылар.

 

Жүруші едің отрамызды мәнді қып,

Жадымызда ісің қалды жаңғырып.

Жүрегінде ағайын мен туыстың,

Асыл бейнең сақталады мәңгілік!!!

 

Әке, қимасақ та қара жердің қойнына,

Аңдып келген ажал деген жаныңызды қойды ма?

Немерелер қуанышын қызықтайтын шағыңда,

Балаларың мен жарыңды салып кеттің уайымға.

 

Арманың көп еді ғой, өмірде мол,

Араша түсе алмадық өлімге ол.

Пейіште нұрың шалқып бізді жебеп,

Жәннаттың әрқашанда төрінде бол!

 

Көнеміз бұл тағдырдың салғанына,

Анамыз аман жүрсін ортамызда.

Жұлдыздай ағып өткен бұл өмірдің,

Бейнеңіз қалды әке санамызда.

Топырағың торқа боп, асқар Әке,

Мекеніңді бұйыртсын жұмақ қылып.

Жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын!

 

Бақ жұлдызың ерте сөнді көгіңде,

Қимайтұғын досымыз ең өлімге.

Жатқан жерің жайлы болып, торқалы,

Орның болсын пейіштің қақ төрінде!

 

Ас берушілер: жұбайы – Аманкүл, балалары, немерелері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture