Садвокасов Жанат Бауыржанұлы бүгін тірі болғанда, 35 жасқа толар еді…
Туған күніңді бірге тойлап, батушы едік думанға…
Бұйрық боп көкте Тәңірден
Өттің ғой, Жанат, өмірден.
Кетсең де көздің алдынан,
Кетпей-ақ қойдың көңілден.
Айта алмай жанға сыр ашып,
Анаң да қалды-ау құлазып.
Аруанадай іздеп таппай жүр,
Ботасын кеткен қыр асып…
Иә солай ғұмырың қысқа болды,
Жылатып кете бердің бауырларды.
Жылатып кете бердің дос-жаранды,
Ата-анаңды, жарыңды, үш балаңды.
Тірі болсаң жарқылдап жүрер едің.
Болмасаң да бүгін біздің жанымызда.
Айтқан сөзің, тәтті күлкің жадымызда.
Сағынышпен туғандары еске алады.
Өзіңмен өткен күндер,
Жадымызда мәңгіге сақталады.
Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын!
Еске алушылар: туған-туыстары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login