Головкин Қарағанды облысының құрметті азаматы атанды

Жерлесіміз  Геннадий Головкин  Қарағанды облысының «Құрметті  азаматы»     атағын иеленді.  Орта  салмақта  жеңіліп көрмеген  кәсіпқой боксшыға марапатты  облыс әкімі  Ерлан Қошанов  табыс етті. Туған   жерге арнайы келген спортшыға   куәлік салтанатты рәсімде берілді.  Шараға  былғары  қолғап шеберінің  қолдаушылары, жақындары жиналды. Айта  өтейік, 35 жастағы  отандасымыз  2017 жылдың  WBC нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды.Және соңғы  жекпе-жегін  мексикалық  спортшымен өткізген болатын. Ал  ендігі  шаршы  алаңдағы кезекті  кездесуі  осы жылдың мамыр айына  жоспарланып отыр.

«Мен Қазақстанда туғаныма мақтанамын. Әрдайым айтып жүремін. Қарағанды жұрты, елім менің еңбегімді бағалап, үлкен құрмет көрсетіп жатқанына  қуанамын. Елбасына  алғасымды білдіремін.Жастармен   спортмен   шұғылданып, биік  жетістіктерге  жетсе екен  деймін.  Өз тарапымнан көмегімді  аямаймын», дейді Г.Г

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture