Мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 5 жылға жүргізу куәлігінен айырылды. Өйткені,ол ішімдікке сылқия тойып алып жол көлік апатын жасады. Ал оқиға демалыс күні түнгі сағат 2 жарымда Қараменде би көшесінде орын алды.
Балқашта көршісінің итін пышақтап өлтірген тұрғын жазадан құтылуы мүмкін.Өйткені,психиатриялық сараптама кінәлі деп танылған азаматтың ақыл-есі дұрыс емес деген қорытынды шығарды дейді-иттің иесі
Балқашта смс арқылы тіркелген алғашқы сәбиге туу туралы куәлік табысталды. Енді қалада босанған әйелдер перзентханада жатып-ақ ұялы телефонның көмегімен нәрестенің құжатын рәсімдей алады. Ол үшін тек электронды қолтаңбаның болғаны жеткілікті.
Жақсылық жасаудан қапы қалмайық.Балқашта 4 жасар Ислам Тұрсын есімді баланың еміне арналған қайырымдылық концерт ұйымдастырылмақ. Өйткені, көз жанарынан айырылған бүлдіршінге төртінші рет ота жасату керек.
Көпжылдық сыйлық! Қала тұрғыны Игорь Гультяев темірді гүлге айналдырады. Ол үшін бар болғаны 10 минут қажет. 37 жастағы дәнекерлеуші үй-ішіне арналған бұйымдардан бастап, зәулім қақпаларға дейін жасайды.
Балқаштық оқушылар арасында хоккейден қалалық турнир басталды. Жарыс Абай атындағы №2 лицей мен №8 орта мектеп кортында өтуде. Басты жүлдеге 12 команда таласады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login