Атаулы әлеуметтік көмек алам деушілерден құжат қабылдау басталды. Ал мұндай ақшалай көмекке жағдайы төмен отбасылар жүгіне алады. Басты талап жанұяның табысы отбасындағы әр адамға шаққанда 11471 теңгеден аспау қажет. Бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы. Ал құжаттар жұмыспен қамту орталығында қабылданады. Осы уақытқа дейін 50 адам жүгінген. Алайда, солардың тек төртеуі ғана әлеуметтік ақшалай көмекке мұқтаж деп танылды. Еске сала кетейік, жаңа жылдан бастап үш жәрдемақы біріктірілген болатын. Оның біріншісі сәби 18 жасқа толғанға дейін берілетін төлем, екіншісі көп балалы аналар алатын қаржы, үшіншісі азқамтылған жанұяларға төленетін ақшалай көмек. Енді осы үшеуі әлеуметтік көмектің жаңа форматы деп аталады. Ал жаңа формат шартты және шартсыз ақшалай көмек болып екіге бөлінеді.
Гүлмира Махытбекова-Әлеуметтік төлем және жәрдемақы тағайындау секторының меңгерушісі
« Екі отбасы шартсыз ақшалай көмекке жүгінді. Бұл дегеніміз толық емес отбасылар. Ол отбасының құрамында зейнеткерлер және баланың 7 жасқа дейінгі күтімімен айналысатын аналар.Ал шартты ақшалай көмекті отбасында еңбекке қабылетті адамдар бар жанұялар алады. Оларды жұмысқа тұрғызамыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login