Балқаштықтар ИсламТұрсынға арнап қайырымдылық концерт өткізеді

Балқашта   4 жасар Ислам Тұрсын  есімді баланың  еміне  арналған    қайырымдылық концерт  ұйымдастырылмақ. Өйткені,  көз  жанарынан айырылған бүлдіршінге төртінші рет  ота жасату керек. Ал  ем — ақылы. Құны  1 жарым   млн. теңгені  құрайды. Сондықтан  қаланың ерікті  жандары 18 қаңтар күні   Мағауия  Хамзин  атындағы мәдениет сарайында  қайырымдылық  концерт   өткізбек. Игі  шара   кешкі сағат 5-те басталады. Онда   ақша  салатын жәшік   қойылады. Сонымен  қатар,  қайырымдылық  қораптар  қалалық мешіт пен  дүкендерде  де орнатылмақ.   Айта  өтейік,  4 жасар  Исламның көзі  көрмейтінін  ата-анасы  9 айында білген. Содан бері түрлі ем-домдар  жүргізіліп,  үш рет ота  жасалды. Баланың көру қабілеті  8 пайызға  жақсарды. Енді төртінші  операция 22 қаңтар күні  Санкт-Петербург  қаласында  жасалмақ. Ол үшін   1 жарым млн. теңге  қажет. Қазір  бұл отбасыға 500 мың теңгеден аса  қаржыны  жомарт жандар жинап  берді. Алайда, әлі  1 млн. теңге  керек.

Нұрсұлу  Абильдина-ұйымдастырушы:«Балқаш  халқын   осы іс-шараға  ат салысуларыңызды сұраймын. Келіңіздер.Көріңіздер.Исламға көмектеріңізді,  жәрдемдеріңізді  беріңіздер.Менің  айтарым  мұндай қиыншылықтармен әрқайсымыз  кездесе аламыз өмірде. Сондықтан бей-жай болмайық.Көмектесейік».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture