Балқашта смс арқылы тіркелген алғашқы сәбиге туу туралы куәлік табысталды. Енді қалада босанған әйелдер перзентханада жатып-ақ ұялы телефонның көмегімен нәрестенің құжатын рәсімдей алады. Ол үшін тек электронды қолтаңбаның болғаны жеткілікті.
Балқаштық Жансая Айтқожаның сәбиін аман есен бауырына алып, екінші рет ана атанғанына 2 күн болды. Электронды үкіметке тіркелген келіншекке, босанғаннан кейін бірден құттықтау хабарлама келіпті.Артынша қызының атын жіберіп, туу туралы куәлікті бірден рәсімдеген. Ал Жансая электронды қызметтің бірінші қолданушысы болғандықтан, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары ауруханаға арнайы келіп құттықтап шықты.
Жансая Айтқожа- жас ана:« Ұлым дүниеге келгенде құжаттарды 10 күн бойы жүгіріп дайындаған еді.Ал кеше ғана қызым дүниеге келді.Бүгін құжатын алып отырмыз.Өте ризамын. Қуаныштымын».
Еліміз бойынша пилоттық жүйеде іске қосылған қызмет мобильді үкімет порталы арқылы іске асады. Оны жасау үшін жүкті келіншектер халыққа қызмет көрсету орталығына босанбай тұрып барып, жүйені телефонға орнатып алу керек. Содан кейін босанғанда сіздің ұялы телефоныңызға смс келіп, перзентханада құжаттарды рәсімдей аласыз. Ол үшін бар жоғы 1 сағат уақыт жұмсалады.
Бағдат Жакупбекова-Балқаш қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының жетекшісі
«Құжатты электронды түрде рәсімдеу тегін түрде жүргізіледі. Ол үшін жүкті әйелдер халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, қызмет жүйесін орнатып алу керек. Кейін дайын құжатты АХАЖ бөлімінен алып кетуге болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login