Мас күйінде көлік басқарған жүргізуші 5 жылға жүргізу куәлігінен айырылды. Өйткені,ол ішімдікке сылқия тойып алып жол көлік апатын жасады. Ал оқиға демалыс күні түнгі сағат 2 жарымда Қараменде би көшесінде орын алды. Сол уақытта көк Жигули Тәуелсіздік алаңының қасындағы бағдаршамда тоқтап тұрады. Оны арттан Mitsubishi бірақ соғады. Қатты соққыдан Ваз көлігі ұшып кетіп, жол шетіндегі Toyota Camry-ге барып тіреледі. Салдарынан үш иномаркада майысып қалған. Бірақ, абырой болғанда көлік ішіндегі адамдардың барлығы аман. Ешкім зардап шекпеді. Алайда, жол көлік оқиғасына кінәлі деп танылған Mitsubishi-дің 35 жастағы жүргізушісі құжаттарынан айырылып, зақым келтірген екі тұлпарды жөндеуге міндеттелді.
Алмас Қалиашев- жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:«Жол көлік оқиғасына байланысты әкімшілік хаттама толтырылды. Оған Mitsubishi көлігі кінәлі деп танылды. Себебі, ол көлікті мас күйінде басқарған.Сондықтан 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды».


Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login