Ардақты ағамыз Әмірқұлов Сайран Амантайұлы, Сізді 50 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтай отырып, деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз!
Біздер үшін әрқашанда мақтансың,
Үлкендікпен талай ақыл айтқансың.
Ағалықтан кейде досқа айналып,
Сыр бөлісер сырласымыз боп та алдың.
Кішіге – аға, үлкенге іні болып,
Жүре бергін жақсының бірі болып.
Жамандық атаулыны жолатпайтын,
Жақсының бұл өмірде жөні бөлек.
Ардақты аға, құтты болсын 50 жасың,
Ақкөңіл жарқын жүзің нұрға толсын.
Біз үшін асқар таусың баға жетпес,
Тірегіміз тірліктегі бір өзіңсің.
Ақталып жақсылығың көпке істеген,
Жетіпсің жасқа бүгін елу деген.
Мерейтойың құтты болып жүзге келгін,
Қайрат-жігер, қуатты көп күшпенен.
Т/б: бауырлары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login