Балқаш жаңалықтары 28 желтоқсан

Балқашта жанармай арзандады. Аи 92 маркалы бензиннің құны 3 теңгеге төмен түсті. Бүгін кейбір жанар-жағармай бекеттері сұйық отынның бағасын өзгертті.

Балқаш өңірінің сапалы ауыз суға қол жеткізгеніне биыл 50 жыл. 1967 жылы 21 қаңтарында жаңа Тоқырау станциясы ресми түрде іске қосылды.

Балқаштың тәртіп сақшылары Аяз ата мен Ақшақардың кейіпіне енді.Ертегі әлемінің кейіпкерлері атанған құқық саласының мамандары жүргізушілерді тоқтатып,тәтті сыйлықтарды тарту етті. Алайда, жай ғана таратпай орнына тақпақ сұрады.

Жаңа жылдық дресс-код! 2018 жылдың басталуына санаулы күндер қалды. Біздің келесі сюжетіміз жаңа жылдық киімге арналады. Келе жатқан ит жылын қандай киімде қарсы алу керек? Оның түсі қандай болу қажет? Аксессуралар таңдағанда неге мән берген жөн. Оны бірге көрелік.

Жаңа ит жылының табалдырық аттауына аз уақыт қалды.Ал сіз жақындарыңызға сыйлық жасап үлгердіңіз бе? Әлі таңдай алмай қиналып жүрсеңіз мамандардың кеңесіне құлақ түріңіз.Кімге не сыйлауға болады және биыл қандай жайттарды ескеру қажет. Бірге көрелік.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture