Қар құрсауында қалған Балқаш тұрғындары құтқарылды. Нарманбет ауылынан көлікпен шыққан жолаушылар жолда адасып, бағыттарынан жаңылған.Оларды төтенше жағдай қызметкерлері шамамен 5 сағаттан кейін тауып, қалаға жеткізді.11 адамнан құралған отбасы мүшелері екі көлікпен жолға шыққан.
Балқаштық коммуналшылар сот отырысының ережелерін сақтамайды. Бүгін жергілікті фемида оларға процеске қалай дайындалу керектігін айтып, тәртіпке шақырды. Судьяның айтуынша тұрғындармен соттасатын коммуналдық кәсіпорындар дәлелдерін ұрысу арқылы жеткізеді. Кейде тіпті отырысқа уақытылы келмейді.
Белгісіз біреулер Бәйсейтова көшесінде тұрған көлікті сындырып кетті. Темір тұлпардың әйнектері үгітіліп, темір қаңқасы майысып қалған. Кәугерлердің айтуынша,бұзақылық оқиғасы таңғы сағат 5-тің кезінде болған.
Бүгін мамандар базардағы жеміс-жидек пен көкеністерге карантиндік тексеріс жүргізді. Тауармен бірге келетін зиянкес жәндіктерді анықтау мақсатында. Қазіргі уақытта өнімдерден құрт-құмырсқа шығып жатқаны баршамызға белгілі. Сондықтанда талап пен бақылау күшейген.
2 жасар қыздың өліміне қатысты сот отырысы аяқталды. Оны көлікпен басып өлтірген балқаштық жүргізуші марқұмның ата-анасына 3 млн.теңге моральдік шығын өтейтін болды. Еске түсірсек, оқиға 2016 жылы маусымда Жидебай батыр мөлтек ауданында болды. 2 жастағы бүлдіршін 8 жасар әпкесімен аулада ойнап жүріп, тоқтап тұрған көліктің қасына барады.
Осы аптада қазақстандықтар үлкен демалысқа шығады. Жаңа жыл қосымша 2 күн мереке сыйлайды. Осы жолы 1-2 қаңтар дүйсенбі және сейсенбі күндеріне дөп келіп тұр. Соған байланысты тұрғындар 4 күн тынығады. Ал 2018 жылы қазақстандықтар 120 күн демалады.
2018 жыл-ит жылы. Астрологтардың пікірінше тауық жылынан кейін төрге озатын төрт аяқты жануары жылы сәтті, жайлы, жеңіл болмақ.
Балқаштық каратэшілер Қазақстан Кубогынан 6 алтын медаль ұтып алды. Сайыс Шымкент қаласында өткен болатын. Жеңіске жеткен спортшыларды бүгін жаттықтырушылары жеке құттықтады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login