Белгісіз біреулер Бәйсейтова көшесінде тұрған көлікті сындырып кетті. Темір тұлпардың әйнектері үгітіліп, темір қаңқасы майысып қалған. Кәугерлердің айтуынша,бұзақылық оқиғасы таңғы сағат 5-тің кезінде болған. Көлік компьютерлік ойын клубының қасында, жол бойында тұрған. Таңға қарай клубтың операторы қатты дауысты естіп, сыртқа шығады. Қараса Тауаta маркалы көліктің 6 терезесі үгітілген. Алды-арты майысып қалған. Әйнектері сынған.Төбесіне шығып секірген. Көлік ішінде әйнектерді сындырған кірпіштер жатыр.Ал қожайынның қайда кеткені белгісіз. Темір тұлпарын алып кетуге асығар емес.Бір анығы, нөмірі Астана қаласына тиесілі.
Ерзат Қамбар- кәугер:«Таңғы 5-ке қарай есік тоқылдап жатқан сияқты болды.Қарасам осы машинаны сындырып кетіпті.Мен шыққан кезде терезенің бәрі сынып жатты. Жанында кірпіш жатыр. Кірпішпен сындырған.Үстіне секірген. Үсті майысып қалған».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login