2 жасар қыздың өліміне қатысты сот отырысы аяқталды.Оны көлікпен басып өлтірді деп айыпталған азамат марқұмның ата-анасына 3 млн.теңге моральдік шығын өтейтін болды. Қалалық сот бүгін осындай шешімді жариялады. Еске түсірсек, оқиға 2016 жылы маусымда Жидебай батыр мөлтек ауданында болды. 2 жастағы бүлдіршін 8 жасар әпкесімен аулада ойнап жүріп, тоқтап тұрған көліктің қасына барады. Ал оны темір тұлпар иесі көрмей қалып, баланы басып өтеді. Ауыр соққы мен жарақаттан бүлдіршін сол жерде қайтыс болды. Бұл істі тергеу 1 жыл бойы жүргізілді. 2017 жылы 36 жастағы кінәлі азамат 2 жыл 6 айға сотталып, үш жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Бірақ, ол рахымшылық заңына ілігіп түрмеге тоғытылмады. Алайда, оған келіспеген марқұм қыздың әкесі 25 млн. теңге моральдық шығын талап етті. Бірақ, сот оған толық келіспей, шығын көлемін 3 млн. теңге деп бекітті.
Толқын Батталова- тілші
«Бүгінгі шешуші сот процессіне екі жақта келмеді. Бірақ, оған қарамастан судья айыпталушы жақ марқұм қыздың ата-анасына 3 млн. теңге моральдық шығын өтесін деп шешті.Алайда, сот үкімі өз күшіне енген жоқ. Екі жақ бір айдың ішінде апелляциялық шағым түсіре алады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login