Балқаштық кикбоксшылар Елордада өткен жарыста жеңіске жетті.Фото

Балқаштық екі спортшы кикбокстан Астана қаласында өткен ашық турнирден алтын және күміс медальмен оралды. 48 кг салмақта күш сынасқан Айбат Нұрланұлы елордалық қарсыласын жеңіп, чемпион атанды. Ал 57 кг салмақтағы Нұрәділ Алпысбаев финалда шымкенттік қарсыласынан жеңіліс тауып, күміске қол жеткізді. Жалпы, турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен 11 салмақ дәрежесі бойынша 100 –ден астам спортшы қатысты. Балқаш қаласынан 5 кикбоксшы барды.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture