Мүмкіндігі шектеулі балқаштық балалар құм терапиясын меңгеруде

Әйнек бетіне құммен сурет салу әдемі екені сөзсіз. Оны бүгін «Ботажан» сауықтыру орталығының балалары үйренді. Мүмкіндігі шектеулі балғындар көркем өнердің сырымен танысты. Яғни, балаларға құм терапиясы жүргізілді. Өйткені, ол арқылы баланың ойлау қабылеті мен логикасын арттыруға болады.Сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамытуға мүмкіндік береді. Жалпы, құм терапиясы 3 жастан асқан балаларға жасалады. Аптасына екі рет жүргізіледі.

Валентина Маар – «Ботажан» сауықтыру орталығының психологы
«Біз құм терапиясын аптасына екі рет жүргіземіз. 40 минуттан. Балаларға өте қатты ұнайды. Ойындар, жаттығу жұмыстары көңілдерінен шығады.іштей айта алмаған дүниелерін құм бетіне салады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture