Балқаштық бильярдшылар ақшалай сыйлықпен марапатталды

Мерекелік демалыс күндері балқаштықтар арасында бильярдтан сайыс өтті. Кий ұстап, тас соғудағы шеберліктерін 10-нан аса тұрғын көрсетті.Үздік атанған жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Өміржан Тілеубаев тас-таяқтағы тартысты бәсекеге Приозерск қаласынан келді. 40 жастағы спортшы 10 жылдан бері аталмыш үстел ойынын жанына жақын тұтады. Соңғы 6 жылда мына кий таяқшасын ешкімге ауыстырар емес. Өйткені, басты құрал 15 рет жеңіске жетуге септігін тигізді дейді.

Өміржан Тілеубаев – жарысқа қатысушы
«Мен үшін бильярд- ол хобби. Қолым бос кезде ойнаймын. Өзіме ыңғайлы, әрі жеңіс әкелетін мына кийді тастамаймын. Осымен жарыстарға қатысамын».

Ой мен денені шынықтыратын турнир жыл сайын ұйымдастырылып келеді.Оған биыл 16 спортшы қатысты.Араларында кәсіби бильярдшылармен қатар әуесқойларда бар.Және олардың барлығы бильярдтың «Мәскеулік пирамида» атты түрінен бақтарын сынады.

Жандос Хасенов — ұйымдастырушы
«Осы турнирге орай жаңадан кубок алдыртық осы турнирге орай.Қолдан-қолға жүрмелі кубок.Кім үш рет ұтады соған сый қылып беріледі.Турнирлар әр мереке сайын болып тұрады».

Бірнеше сағатқа созылған ойын нәтижесінде Дамир Кульчиков чемпион атанды. Екінші орынды Максим Спрягайлов иеленіп, Нұрлан Балбақов үшінші орынға тұрақтанды. Жоғарғы деңгейде өнер көрсеткен осындай жандар 100,50,30 мың теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture