Балқашта бокстан өткен қалалық біріншілік аяқталды. Жасөспірімдер үш күн бойы шаршы алаңда шынығып, күш-жігерлерін көрсетті. 140 баланың ішінен үздіктері анықталды. Ал жарыс мысшылар стадионында боксқа арналған залда өтті. Оған жерлестерімізбен қатар Шашубай кентінен және Приозерсктен келген спортшылар қатысты. 10 мен 15 жас аралындағы боксшылар 33 келі салмақ дәрежелеріне бөлініп, жұдырықтасты. Жарыс нәтижесінде, 30-дан аса жасөспірім өз салмақтарында чемпион болды.Ал біріншіліктің «Үздік боксшы» атағы нөмір 2-ші Абай атандағы мектеп –лицейінің оқушысы Рамазан Нұрлыбаевқа бұйырды. Айта кетейік, командалық есепте дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жастары бірінші орын алды.
Мирас Оспанов – жаттықтырушы:«Осы жарыста бірінші орын алған балалар облыстық жарысқа лицензия алды.Яғни февраль айында Қарағанды қаласында өтетін жасөспірімдер арасында облыстық жарысқа қаланың бірінші нөмірлі болып барады.Сол жарыста қаланың намысын қорғайды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login