Погондағы таланттар. Бүгін полиция және прокуратура мен әскери бөлім қызметкерлері өздерінің өнерін көрсетті. Тәуелсіздік күніне орай мәдениет сарайында мықты жанұя атты байқау өтті.
Зымыран-артиллериялық қарулы қызметінің басшысы Аманат Налибаев бұл байқауға 53/898 әскери бөлімінің намысын қорғай келген. Таныстыру кезеңінде ел қорғанында жүрген азамат бәрінен ерекшеленді. Екі қызына, сүйікті жарына гүл сыйлап, әсем әуенге вальс биледі. Тек халқының ғана емес жанұясының қорғанышы бұл сайысқа қатысам дегенде, отбасы бірден қолдау білдіріпті.
Аманат Налибаев – «Мықты жанұя» байқауының қатысушысы:»Өзіміздің отбасымызбен қатысып, өзіміздің бағымызды сынап, өзіміздің деңгейімізді, отбасылық жағдайымызды көрсетейік деп. Барша командаларға сәттілік тілеймін.»
Мықты жанұя байқауын Тәуелсіздік мерекесіне орай қалалық прокуратура ұйымдастырды. Сайысқа 7 команда қатысты. Олар полиция, әскери бөлім және прокуратурада еңбек ететін қызметкерлердің отбасы. Ал жеңімпазды анықтау 4 кезеңнен тұрды. Алдымен өздерін таныстырып, өз жанұяларының құнды дәстүрлерін және өнерлерін көрсетуі тиіс. Соңғы кезеңде қатысушылар заңға қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Ал үздік жанұяны арнайы қазылар алқасы анықтап, бағалы сыйлықтарды тарту етті.
Нұржан Жанабаев – прокуратураның аға прокуроры:«Бұл акция биыл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі түрде өткізу жоспарымызда бар. Біз қызметкерлер тек қызметте ғана емес өнерде де мықты».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login