Балқашта мұз қалашығы пайда болады

Шаһарда соңғы 5 жылда тұрғызылмаған мұз қалашығы пайда болады. Орталық алаң жаңа жылға дейін ертегі әлеміне айналмақ. Онда студенттер мен оқушылар, кәсіпкерлер 40-қа жуық мұздан мүсіндер жасамақ ниетте. Тәуелсіздік алаңына кіре беріс жолға үш биік қақпа орнатылып, қасына жылдың 12 кейіпкері тұрғызылмақ. Ортаға үлкен Аяз ата мен Ақшақар, келер жылдың белгісі- Иттің мүсіні қойылады. Ұзындығы 15 метрді құрайтын екі сырғанақ бой көтереді және мұз айдыны жасалып, бүлдіршіндер үшін ертегі кейіпкерлері салынады. Әлеуметтік желінің белгілері де пайда болады. Мұз қалашығы толығымен 25 — желтоқсан күні аяқталады деп жоспарлануда.

Тұрбек  Қиынбек- қалалық  жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы :« Мұз  қалашығын жасау жұмыстары   мерекеден кейін басталады. Яғни  ол  20-25  желтоқсан аралығында  болады. Мұз қалашығының жасалу жұмыстарына  студенттер,  оқушылар , кәсіпкерлер қатысады. Осы   жасаған  жұмыстар  аясында   байқау  ұйымдастырылады. Жеңімпаздарға бағалы  сыйлықтар табыс етіледі».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture