Балқашта әр түрлі саладағы жылдың үздік мамандары анықталды. Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиында номинация иегерлерін қала әкімі марапаттады.Александр Аглиулин бірінші 6 баланың анасы Аян Шынарбаеваны «Күміс алқамен» марапаттады. Сонымен бірге 13 адам қала әкімінің құрмет грмотасына ие болды. Олар білім, өндіріс, коммуналдық қызмет секілді әр түрлі саланың жұмыскерлері. Тағы 7 адамға алғыс хат табыс етілді. Шара әрі қарай Балқаш әкімі номинациясының иегерлерін марапаттаумен жалғасты. Сонымен, «Еңбек адамы» мәртебесі биыл машинист Татьяна Харчевниковаға бұйырды. Ал 53/898 әскери бөлімінің командир орынбасары Сулдуз Шүкіров «Айбынды жауынгер» мәртебесіне ие болды. «Мәдениет мәртебесі» орталық кітапхана жетекшісі Айжан Арзымбетоваға табысталса, «Шамшырақ мәртебесі» Абай атындағы лицей директорының орынбасары Беспаева Назымға берілді. Сервис колледжінің информатика мұғалімі Харламова Светлана «Кәсіби білім мәртебесінің» иегері атанды. «Спорт мәртебесін» жатып сығымдаудан 3 рет әлем чемпионы атанған Алексей Федяевқа берілді. Ал «Шипагер мәртебесін» Саяқ кентінің бас дәрігері Ләйлә Тойшыкенова иеленді.
Айжан Арзымбетова – «Мәдениет мәртебесі» номинациясының иегері
«Мәдениет саласында еңбек еткенімен 30 жыл болды. Қазір Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханада жұмыс істеймін. Еңбегімді елеп мені марапаттап жатқандарына өте қуаныштымын. Бәріне рахмет.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login