Балаларды ұрлауға қатысты ақпарат жалған болып шықты. Бүгін тәртіп сашқылары әлеуметтік желі арқылы түгел балқашқа тарап үлгерген мәліметті ресми түрде жоққа шығарды.
Айта кетейік, соңғы екі күнде балқаштықтарға бала ұрламақ болғандардың әрекеті туралы WhatsApp-қа хабарлама келе бастады. «Мектептен үйге қайтып келе жатқан оқушыларды ұрлап әкете жаздады», деген әйелдің дыбыстық жазбасы желі арқылы желдей есіп, ата-аналардың зәресін алды. Әйелдің айтуынша, бірге келе жатқан оқушы қыздарды бәзбіреулер көлікке күштеп отырғызып әкетпек болған.
Алайда, полиция қызметкерлері бұл мәліметті жалған деп отыр. Деседе, тәртіп сақшыларына хабарламадағы оқушылардың ата-анасы жүгінген. Анықталғандай, елді үрейлендірген бұл оқиға шын мәнінде басқаша болған.
Мына кадрлардан көріп тұрғандарыңыздай хабарламада айтылған Тораңғы дүкені жақтан шыққан екі қыз жайбрақат жолдан өтуде. Оқушылардың айтуы бойынша, мектептен қайтып келе жатқанда бір әже көмек сұрап, бірінің қолынан ұстаған.Алайда, бейтаныс кісіден қорыққан балалар қол ұшын созудан бас тартыпты. Оны көрген ер адам бұл әрекеттерінің дұрыс еместігін айтып, ұрысқан екен. Содан, қыздар болған жайды үйге барып айтады. Ал бұл оқиғаны дұрыс түсінбеген ата-ана бірден ІІБ барып, елді шулатқан.
Дархан Ауғанов-ІІБ басшысының бірінші орынбасары
«Ата-аналар келіп болған жайдайды айтқанда, біз камераларды тексердік, анықталғандай қыздарды ешкім қумаған. Олар жай ғана болған жағдайды дұрыс жеткізбеген. Қыздар да ешкімнің тиіспегенін айтты. Енді жалған ақпарат таратушыны анықтау үшін тексеру жүргіземіз».
Гүлшат Байтөкешова-тілші
Еске сала кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, жалған қауесет таратқандар он жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Айта кетейік, бұл азаматтарға берілетін жазаның ең ауыры. Сондай-ақ, 1 000 АЕК яғни 2 млн астам айыппұл салу түрі де қарастырылған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login