Мұз үстінде қалып қойған балқаштықтар құтқарылды. Мамандар 3 балықшыны 40 минут іздеп, аман-есен жағаға жеткізді. Кеше 29,32 және 43 жастағы үш тұрғын «Ақ тас» аймағынан жаяу балық аулауға шыққан.
Қарағанды облысында жыл сайын кәмелетке толмағандар арасында суицид өршіп тұр. Жыл сайын 30шақты бала өз-өзін өлтірмекке оқталады екен. Өкінішке орай соның жартысы жарық дүниемен қош айтысады.
Қазір елдің басым көпшілігінде қолданылатын латын әліпбиін енгізу болашақ ұрпақ үшін керек. Ол арқылы Қазақстан жаңа қадамға аяқ басып, қайта жаңғырады. Балқаштықтар осындай пікірлерін техникалық колледжде өткен жиында ортаға салды.
Әскерге бару- азаматтық парыз. Бүгін 10 балқаштық әскерге аттанды. Отан алдындағы борышты абыройлы атқарсын деген ниетпен № 8 мектеп ғимаратында салтанатты шара өтті. Әскерге шақырылушыларға аға буын өкілдері ақ тілектерін жеткізді.
Қазақшаңыз қалай? Балқашта мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін үздік команда анықталды. Мәдениет сарайында өзге ұлт өкілдері арасында атты байқау өтті.
Қалада оқушы қыздар арасында волейболдан спортакиада ойындары жалғасып жатыр. Чемпион атағынан үміткер 11 команда, күн сайын нөмір 15 пен 2 мектеп- лицейлерінде ойын өткізуде.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login