Балқаш жаңалықтары 12 желтоқсан 2017

Енді балаларға жәрдемақы алу үшін құжаттарды әлеуметтік бағдарламалар бөліміне емес, жұмыспен қамту орталығына өткізу қажет. Жаңа жылдан бастап ақшалай көмек тағайындаудың тәртібі де атауы да өзгереді.

Қазақстанда жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш өседі. Онымен бірге жәрдемақы мен зейнетақы көбейеді. Ел Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойды.

Зағип жандар кедергісіз қызмет ала алады. Көз жанарынан айырылған жандар үшін халыққа қызмет көрсету орталығына арнайы жолақ орнатылды.

Бүгін дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне 3 жыл толды. Барлық талаптарға сай жасақталған спорт орталығы 2014 жылы ашылған болатын.

Алматы облысында жер сілкінісі болды. Ондағы 300 адам Балқаш қаласына эвакуацияланды. Қоныс аударғандар қаладағы 10 арнайы орталыққа жатқызылды. Осындай сценарий  бойынша   бүгін  оқу-жаттығу   шарасы  өтті.

Балқаштық кикбоксшы Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Кемелхан Нұрисламхан Петропавлда өткен жарыста өзіне қарсылас шақ келтірмеген.

Балқашта қардан жасалған мүсіндер қалашығы тұрғызылуда. Кейбір мектептер және балабақшалар аулаларында ертегі кейіпкерлері пайда болған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture