Қазір елдің басым көпшілігінде қолданылатын латын әліпбиін енгізу болашақ ұрпақ үшін керек. Ол арқылы Қазақстан жаңа қадамға аяқ басып, қайта жаңғырады. Балқаштықтар осындай пікірлерін техникалық колледжде өткен жиында ортаға салды. Дөңгелек үстелге еліміздің бірінші партия мүшелері, ұстаздар мен студенттер, ата-аналар қатысты. Көпшілік латын әліпбиіне көшпейміз, біз латынға ораламыз.Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жаңа қаріпті қайта үйренеміз дейді.Сол арқылы өзге елдермен қарым-қатынасымызды нығайтып, ағылшын тілін жетік меңгеруге мүмкіндік бар. Яғни, үш тұғырлы тіл кеңінен насихатталмақ.
Эрик Отт- Балқаш техникалық колледжінің студенті:« Жастар арасында латын әліпбиіне көшу әрбірімізге оңай болады деп есептеймін.Оған біздің көшу себебіміз жақсы болады.Өйткені өзге ұлттармен оңай тіл табыса аламыз.0109 Жазуда қиын туындауы мүмкін. Бірақ біз үйренеміз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login