Енді балаларға жәрдемақы алу үшін құжаттарды әлеуметтік бағдарламалар бөліміне емес, жұмыспен қамту орталығына өткізу қажет. Жаңа жылдан бастап ақшалай көмек тағайындаудың тәртібі де атауы да өзгереді. Соған байланысты осыға дейін төленіп келген үш жәрдемақы біріктірілмек. Оның біріншісі сәби 18 жасқа толғанға дейін берілетін төлем, екіншісі 4 және оданда көп бала тәрбиелеп отырған аналар алатын қаржы, үшіншісі азқамтылған жанұяларға төленетін ақшалай көмек. Енді осы үшеуі бірігеді де атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы деп аталады. Оны тағайындау үшін отбасының жалпы табысы адам басына шаққанда 14000 теңгеден аспау қажет. Егер аспаса, онда жаңа жылдан бастап жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды өткізу керек. Отбасы мүшелерінің төл құжаттары, балалардың туу туралы куәлігі, мекен-жай анықтамасы және табысты растайтын құжат. Бұл жерде алдыңғы 3 айдың кірісі есептеледі. Яғни қазан, қараша және желтоқсан. Сонымен бірге еңбекке қабылетті тұрғындардың дипломы және еңбек кітапшасы сұралады.
Гүлмира Махытбекова-Әлеуметтік төлем және жәрдемақы тағайындау секторының меңгерушісі
«04:03 Атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты, қазіргі қоллданыстағы жәрдемақыларды біріктіріп, оңтайландырып, еңбекке қабылетті адамдар болса жұмысқа орналастыру. Және масылдықты жою. Бұл тек қана азқамтамасыз етілген отбасыларға көзделген жәрдемақы болып табылады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login