Балқаштық студент шұңқырға құлап, ауруханаға түсті

Балқашта студент ашық құдықа құлап, ауруханаға түсті. Оқиға Қоңырат мөлтек ауданында болды.  Студент кешкісін  сағат 10 дар шамасында Горняцкий көшесінің бойымен үйіне қайтады. Жарық тартылмаған көше, қараңғы болған. Содан   жол бойында    ашық жатқан  шұңқырды, байқамай құлап түседі.  Тереңдігі 4 метрдей болатын шұңқырдан өз бетімен шықпақ болған. алайда, балшықты жер оған мүмкіндік бермеген. Содан құтқарушыларды шақыртыпты. Мамандар оқиға орнына жетіп,  оны  арқанмен тартып алып  шыққанша бір сағат уақыт  өткен.  Нәтижесінде  студент суық тигізіп алған. Қазір  орталық емханада ем  қабылдап  жатыр.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы

«Шұңқырдың   аумағы мен тереңдігі өте үлкен. Тұрғынды оның ішіннен арқанмен алып шыққанша бір сағаттай  уақыт  кетті. Қатты тонып, денесіне  сыз өткен. Оған  жәдел жәрдем алғашқы  көмек көрсетіп,  емханаға жеткізді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture