Асқақтай бер Астана! Балқашта Елорданың 20 жылдығын тойлау әрі қарай гала концертке ұласты. Шығармашылық кешке облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Жүлдегерлер өздеріне жеңіс сыйлаған әндерді орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Олардың көбісі «оқушылар сарайы» мен «Өнер мектебінің» тәлімгерлері. Өнерпаздар туған елге, отанға, Астанаға деген ыстық сезімді білдіретін патриоттық әндерді шырқады. Мың бұрала билеген бишілерде өнер көрсетті. Шараның соңында, өнер сүйер қауымға көңілді кеш сыйлаған талант иелері алғыс хатпен марапатталды.
Қорлан Күлейменова-мәдени сауықтыру орталығының директоры
« Үлкен деңгейде өтіп жатқан гала концерт.Ол гала концертке өзіміздің мәдени сауық орталығының ұжымы бар, сонымен қатар мектеп, колледж оқушылары қатысып отыр. Алдағы таңда бізде 14 желтоқсанда салтанатты жиын өтеді тәуелсіздік күніне арналған. 15 желтоқсанда патриоттық әндербайқауы өтеді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login