Балқашта 25 бала жас ұландар қатарына қосылды

Болашақ жас сарбаздар.Нөмір 8-мектептің 25 баласы кадеттер қатарына қабылданды.Оқушылар салтанатты түрде ұстаздар алдында ант беріп, жас ұлан атанды. Енді олар 11 сыныпқа дейін негізгі пәндермен бірге әскери өмірмен танысатын болады. Оған қоса, арнайы лауазым мен сертификатқа жол жеткізеді.

Ант қабылдау Отан алдындағы қызмет пен абыройлы істің белгісі. Бүгін сол міндетті 11 жасар Беғазы Зубайрин ұстаздар алдында атқаруда. Ол үшін жеткіншек Қоңыраттан ауысып, бір ай бойы дайындалды. Сөзін жаттап, әскери өмірге дағдыланды.

Беғазы Зубайрин– «Ұлан» сыныбының оқушысы:
«Мен осы өмірде елді қорғайтын батыр немесе елдің қорғаны болғым келеді. Осы кадет маған ұнайды.Бүгінгі ант қабылдайтын кездегі сезімдерімді айтып жеткізе алмаймын.Өзімді ұлан болуға, елдімді қорғайтын азамат болуға дайындалып жатқандай сезінемін».

Биыл кадеттер сыныбына 24 ұлан қабылданды. Оның 16-ы 5 сыныпқа қосылса, қалғандары жоғарғы сыныптың жас сарбаздар қатарын толықтырды.Барлығы қатаң сыннан сүрінбей өтті.Матеметика, қазақ тілі және физика пәндерінен эмтихан тапсырды. 60 метрді 8 секундтта жүгіріп, 2 метрге дейін секіріп, кем дегенде 8 рет турникте тартылып физикалық дайындықтарын көрсетті.

Айдархан Отарбаев – «Ұлан»сыныбының сынып жетекшісі :
« Бүкіл қала мектептерінен немесе басқада аудан-өңірлерден жақсы балаларды өзіміз таңдап аламыз.Жыл сайын бізден бітіріп кетіп жатыр.Біздің мектептің түлектері жоғарғы оқу орындарында Астана немесе Қарағандыда әскери интернаттарда оқуға түсіп, білім алуда».

Ал оқушылар антты қабылдағанға дейін алғашқы әскери тәртіпке бейімделді. Шыдамдылықтары тексерілді. Сынақта сынбай, оқуда озат болған 9 бала вице- ефрейтор атанғына ие болды. Және 6-ы кіші вице сержант пагонымен марапатталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture