Балқаштық дзюдошылар Астана қаласында өткен республикалық турнирде жүлдегер атанды. Шаһар атынан барған балғындар жақсы өнер көрсетіп, медельдармен оралды. Ал сайыс 9 бен 10 және 11 мен 12 жас аралығында өтті. Спортшылар 22 -60 келі салмақ дәрежелерінде күресті. Кездесу тартысты өтті. Нәтижесінде балқаштан барған 9 дзюдошының бірі -Алан Мейрамбек есімді жерлесіміз 26 келіде чемпион атанды. Оған қоса, 1 спортшы күміспен, 3-уі қолаға қол жеткізді.
Алан Мейрамбек- Дзюдодан өткен республикалық турнирдің чемпионы:« Мен Астанадағы жарысқа бірінші барып отырмын.Мен астанадағы баламен шықтым.Мен оны арқаға тастау жаттығуымен лақтырып шықтым. Мен бұл жаттығуларды көп жасадым».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login