Жастар практикасынан өткен балқаштықтар тұрақты жұмысқа қабылдануда

Балқашта биыл жастар тәжірибесінен өткен 62 жас маманның 13 тұрақты жұмысқа қабылданды.  Қалғаны жыл соңына дейін еңбекпен қамтылады. 21 жастағы Айгерім Бағдатова биыл университетті тәмамдап, есепші мамандығын алып шыққан. Содан «нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша ішкі саясат бөліміне 6 айға тәжірибеден өтуге жіберіледі. Сол уақыт аралығында мемлекеттен 50 мыңнан аса жалақы алып тұрды. Есесіне Әйгерім теория түрінде алған білімін практика жүзінде меңгеріп, өзін жақсы қырынан көрсете білген. Соны ескерген басшылық  жақында оны бас есепшінің қызметіне тағайындапты.

Әйгерім Бағдатова-Ішкі саясат бөлімінің бас есепшісі

«2017 жылы қолыма диплом алғаннан кейін ең бірінші жұмысқа тұруды ойладым. Өзім жұмыспен қамту орталығына бару керек деп санадым. 01:48 Осы жерде бас есепшінің көмекшісі ретінде жұмыс атқара бастадым. Қазір 30 қарашадан бастап бас есепші лауазымына тағайындалдым.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша соңғы 3 жылда оқу бітірген, 29 жастан аспаған мамандар жастар тәжірибесіне қатыса алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture